Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың ережелері

 

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"  мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"  мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкімет" "www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

4

Көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1)ҚР Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) www.egov.kz порталында.

8

Құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;

2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған, абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының басшысының атына өтініш.

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

Осы қызмет бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Зерноград ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ-нің  мемлекеттік қызметке жауапты Байбулатова Зухра Гильмановнаға жүгіну қажет, тел: 87164851000.

Жаңартылған күні: 20.02.2024 00:26
Құрылған күні: 20.02.2024 11:25

Текст