2025 жылғы 23 маусымда Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы А.К. Балташеваның "2024-2025 оқу жылының қорытындылары және Ақмола облысы білім басқармасының міндеттері туралы"отырысы өтті. Отырысқа барлық білім беру саласының өкілдері қатысты. Жарқайың ауданынан делегация құрамына: білім бөлімінің басшысы Г.К. Нурпеисова, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г. Ж. Исаева, бас маман Б.Т. Берлибекова, ауданның 4 мектебінің директоры және балабақша меңгерушісі кірді.Отырыста өткен оқу жылының негізгі көрсеткіштері талқыланып, алдағы оқу жылына арналған басымдықтар мен міндеттер айқындалды: білім беру сапасын арттыру, әдістемелік және материалдық қамтамасыз етуді нығайту, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері.