Оқушыларымыз «Ауыл олимпиадасының» аудандық кезеңіне өтті Мектебіміз үшін қуанышты жаңалық! Балабанова Карина мен Шелестович Константин мектептік кезеңнен сүрінбей өтіп, биология және орыс тілі пәндері бойынша «Ауыл олимпиадасының» аудандық кезеңіне жолдама алды. Оқушыларымызды осы жетістігімен құттықтап, келесі кезеңде сәттілік, шабыт және жоғары нәтижелер тілейміз!