01.05.2026
Оқу жылының аяқталуына байланысты білім беру ұйымдарында түлектер мен ата-аналарға мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру органдарының ұсынымдарына сәйкес мектеп бітірушілерге мейрамхана, кафе және ойын-сауық орындарында қымбат бітіру кештерін ұйымдастыруға, сондай-ақ қымбат шараларға, автокөлік жалдауға, отшашулар мен басқа да ойын-сауық қызметтеріне ақша жинауға тыйым салынады.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты түлектерге:
- ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта іс-шара өткізуге;
- ата-аналардың және жауапты тұлғалардың рұқсатынсыз табиғатқа, су айдындарына және демалыс орындарына баруға;
- пиротехникалық заттарды пайдалануға;
- қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзуға болмайды.
Мектеп әкімшілігі түлектер мен ата-аналарды мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында жауапкершілік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Ең бастысы – мектеп бітіру туралы аттестат алып, мектептегі жарқын естеліктерді сақтау.
Мектеп бітіру кеші әрбір түлек үшін қуанышты әрі қауіпсіз мереке болсын!