14.05.2026
Мектебімізде оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, туған жерге қамқорлығын және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Акция барысында оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері мектеп ауласын және оған жақын аумақтарды тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Оқушылар қоқыс жинап, аумақты тазалап, гүлзарлар мен мектеп ауласын ретке келтірді. Барлық қатысушылар ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күймен еңбек етті.
«Таза Қазақстан» акциясы оқушылардың экологиялық мәдениетін, еңбекқорлығын және табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған. Тазалық — әр адамның өзінен басталады. Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Акцияға қатысқан барлық қатысушыларға белсенділіктері мен туған жерге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз!