Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лагерьдегі Домбыра күні – ұлттық мәдениет пен дәстүр мерекесі

02.07.2026

Біздің лагерьде Ұлттық домбыра күніне арналған мазмұнды әрі әсерлі іс-шара өтті. Бұл мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтіп, қазақ халқының рухани мұрасын, мәдениеті мен тарихын дәріптеуге бағытталған.

Мереке танымдық кездесуден басталды. Онда балаларға Ұлттық домбыра күнінің тарихы мен маңызы туралы айтылып, домбыраның ұлттық бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының, даналық пен өнердің символы екені түсіндірілді. Балалар домбыраның тек музыкалық аспап қана емес, халқымыздың тарихы мен тағдырын, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген асыл мұра екенін білді.

Күн бойы тәрбиеленушілер «Домбыра – Ұлы даланың үні» атты танымдық бағдарламаға қатысты. Олар Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет сияқты әйгілі күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығымен танысып, олардың күйлерін тыңдап, әр шығарманың шығу тарихы мен мән-мағынасын білді.

Балалар үшін ұлттық салт-дәстүрлерге арналған танымдық викторина, шығармашылық тапсырмалар, «Домбыра – халықтың қазынасы» атты сурет байқауы, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балалардың туған елінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырды.

Мерекенің ерекше сәттерінің бірі ұлттық музыкалық аспаптар мен қазақы тұрмыс бұйымдары аясында ұйымдастырылған естелік фотосессия болды. Балалар барлық шараларға белсене қатысып, өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті.

Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды және халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани мұрасын құрметтеудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Лагерьдегі Домбыра күні ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттайтын, балалардың бойына отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды мерекеге айналды.

Просмотров: 103

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст