"Bilim time" мектеп жанындағы лагерінде Қазақстан Республикасының астанасы күніне арналған іс-шара өтті. Балалар танымдық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, басқатырғыштар жинады, үстел ойынына қатысты және Астана туралы білімдерін тексерді. Ең белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды және жағымды эмоциялар алды. Баршаңызды Астана күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік, амандық, өркендеу және жаңа жарқын жетістіктер тілейміз!