20.08.2026
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және ауыл тұрғындары!
2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде.
Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету және оларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау білдіру.
Баршаңызды игі іске атсалысуға шақырамыз! Балаларға төмендегідей көмек көрсете аласыздар:
мектеп құралдарын;
киім-кешек;
аяқ киім; оқу үшін қажетті басқа да заттарды ұсынуға болады.
Әрбір бала жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен бастап, өз қатарластарының арасында өзін сенімді сезінуге мүмкіндік алуы тиіс.
Балаларға қамқорлық пен қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына бірге көмектесейік!
Бірге біз күштіміз! Жақсылық әрқайсымыздан басталады!