Мектеп директорын лайықты марапатымен құттықтаймыз! «Зерноград ауылының негізгі орта мектебі» КММ директоры Лузина Елена Хамбердовна «Үздік менеджер – 2026» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Бұл марапат білім беру ұйымын тиімді басқарудағы жоғары кәсіби шеберлігі, ұжымның шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға жағдай жасағаны, білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысы, заманауи басқару тәсілдерін тиімді қолданғаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін табысталды. Грамота «Конституциялық құндылықтардан білім беру нәтижелеріне дейін: мектеп дамуының жаңа бағдарлары» атты іс-шара аясында салтанатты түрде табысталды. Елена Хамбердовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт, зор денсаулық және мектебімізге өркендеу тілейміз!