Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жалғасуда. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта еліміздің мектептеріне 320 мыңға жуық бала қабылданды. Олардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Болашақ бірінші сынып оқушыларының 71%-дан астамы қазақ тілінде, 26%-дан астамы орыс тілінде, ал шамамен 2,5%-ы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдаған. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе таңдаған мектепке тікелей тапсыруға болады. Жаңа оқу жылы – әрбір бала үшін жаңа білімге, қызықты жаңалықтарға және үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды кезең. Барлық болашақ бірінші сынып оқушыларына сәттілік, жақсы оқу және жарқын мектеп өмірін тілейміз!

27.08.2026
Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст