«Таза Қазақстан» — тазалық әрқайсымыздан басталады
18.09.2026
«Таза Қазақстан» — тазалық әрқайсымыздан басталады
«Зерноград ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп аумағын тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Педагогтер мен оқушылар бірлесе еңбек етіп, қоқыстарды жинады, аумақты қураған жапырақтар мен шөптерден тазартты және мектеп ауласын ретке келтірді. Барлық қатысушылар еңбексүйгіштік, жауапкершілік және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетті.
Акцияның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және қоршаған ортаның тазалығына әр адамның жауапты екенін түсіндіру. Осындай іс-шаралар балаларды табиғатты қорғауға, өзгенің еңбегін құрметтеуге және өмір сүріп, білім алып жатқан ортасына қамқорлық жасауға үйретеді.
Туған ауылымыз бен еліміздің тазалығы күнделікті жасалатын қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқыс тастамау, жасыл желекті қорғау және айналаны таза ұстау — әр адамның қолынан келетін іс.
Мектеп аумағын абаттандыруға белсенді қатысып, өз үлесін қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Бірлесе отырып мектебімізді, туған ауылымызды және Қазақстанымызды таза әрі көрікті етеміз!