Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың ережелері

"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе);

2) "электрондық үкімет" egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; ақпараттық жүйе арқылы – 1 (бір) жұмыс күні;

2) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

 Электронды (жартылай автоматтандырылған)/қағаз

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Ақпараттық жүйе арқылы жүгінген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту педагог профилінде жүзеге асырылады.

6

төлем мөлшері

жеке тұлғаларға тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

 ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

 Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) білімі туралы диплом;

4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.

Ақпараттық жүйе бойынша:

1) өтініш.

 Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш;2) білімі туралы диплом;

3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.

 Еgov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:

1) өтініш2) білімі туралы диплом;

3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.

Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.

Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:1) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);2) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;3) педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау;4) сабақтарды талдау, әріптестердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-аналардың пікірлері; 5) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;6) осы Қағидалармен бекітілген бағалау өлшемшарттарынан туындайтын құжаттар.

Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қағаз форматта тіркейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Осы қызмет бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Зерноград ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ-нің  мемлекеттік қызметке жауапты Байбулатова Зухра Гильмановнаға жүгіну қажет, тел: 87164851000.

Жаңартылған күні: 19.02.2024 23:57
Құрылған күні: 20.02.2024 11:27

Текст