Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Астана – еліміздің бас қаласы

09.07.2017

Тақырыбы: Астана – еліміздің бас қаласы

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсінік беру, Қазақстан байлығы, жаңадан бой көтерген әсем ғимараттары туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін , оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ 

Әдістері: сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, жаздыру, мәнерлеп оқу, түсіндіру, аудару.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қиындылар, таратпа парақшалар, қанатты сөздер.

Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  -.Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! - Отырыңдар.  - Бүгін кім кезекші?  - Сабақта кім жоқ? 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. -Үйге қандай тапсырма берілді? Астана туралы өлең жаттау. 

ІІІ. Жаңа сабақ. - Балалар, қазір мен сендерге түрлі қиындылар таратамын.  - Кім «Бәйтерек» тобы болса, сол І топ, ал кімде «Нұр Астана» олар екінші топ болады. Әрқайсысын топ болып, жылдам өз орындарына отырыңдар.

Ой қозғау. Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнін тыңдату.

- Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар? - Ия. Себебі, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік күні келе жатыр. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі. - Олай болса, біздің бүгінгі ашық сабағымыз Астана қаласының құрметіне арналмақ. - Балалар, Астана дегенде естеріңе алдымен не түседі? - Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті. Сөздікпен жұмыс: Тұрғын – житель Ғимарат – здание  Қасиетті – священный (қадірлі)  Орталық – центр (центральный) Ұлт өкілдері – представители нации (Жаңа сөздерді түсіндіру, оларды пайдаланып сөйлемдер құрау ) Топтарға тапсырмалар. 

1-тапсырма. Мәтінді оқу, аудару  Астана. Астана- Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Бұрынғы атауы – Ақмола. Қазір Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада түрлі ғимараттар салынып жатыр. Астана – әдемі қала. Онда Үкімет үйі, Парламент үйі, мемлекеттік мұражай, «Конгресс холл» және «Салтанат» сарайлары, «Интерконтиненталь» қонақүйі, «Синема сити» кинотеатры, спорт кешендері, саябақтар, Қаржы үйі бар.  Тақтамен жұмыс. 

2-тапсырма. Сөйлемді ретімен дұрыс құрап шығыңдар.

1. Ең, әдемі, Қазақстандағы, Астана, қала.

2. Ғимараттардың, елбасының, салынған, бәрі, қолдауымен.

3. Елден, басқа, қонақтар, көп келеді, Астанаға.

4. Астанасы, еліміздің, қала, өсіп, келе жатқан.

5. Университеті, білім, Евразия, береді, жақсы. Сергіту сәтін ұйымдастыру!

(Оқушылардың назары тақтада, қимылдарды қайталату) Қызығушылығын ояту. 

Берілген әріптерден мақал құрастыр.

Жауабы: Мектеп кеме - білім теңіз.

«Ойлы болсаң – озып көр» айдары. Топтарға сұрақтар. «Бәйтерек» тобына:

1. Астанадағы өзенді атаңдар (Есіл )

2. Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?(Евразия унивеситеті)

3. Астананың бұрынғы атауы қандай?(Ақмола)

4. Президент резиденциясын атаңдар(Ақ Орда)

5. Астана қалай аталады? (Солтүстік астана)

6. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

«Нұр Астана» тобына:

1. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида)

2. Жағалауында Астана орналасқан өзен (Есіл)

3. Астананың бойтұмары (Бәйтерек)

4. «Здание» сөзінің қазақшасы (Ғимарат)

5. Мәдени ойын-сауық орталығы (Думан)

6. Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)

Дәптермен жұмыс.  Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сөздерге фонетикалық талдау жасау

1. «Бәйтерек» тобына «Ғимарат» сөзі

2. «Нұр Астана» тобына «Орталық» сөзі

ІV. Бекіту.

Тест тапсырмасы.

Сұрақтары. «Бәйтерек» тобына:

1. Астананың бұрынғы атауы ...

А.Ақтөбе В. Ақмола С. Ақтау

2. Қай жылы Астана аты берілді?

А.1996 ж. В. 1997 ж. С. 1998 ж.

3. Президент резиденциясы ... . 

А.Ақ Орда В. Көк Орда С. Қызылорда.

«Нұр Астана» тобына

1. Долларға ұқсас үй... .

А. Теңге үйі В. Ақша үйі С. Қаржы үйі

2. Астана қалай аталады?

А. Оңтүстік Астана В. Солтүстік Астана С. Орталық астана

3. Астанадағы өзен... . А. Нұра В. Есіл С. Сарысу

V. Қорытындылау.  - Сонымен балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік? 

- Қазір сендер алдарындағы қиындыларға бүгінгі тақырып бойынша түйгендеріңді жазасыңдар.

(Оқушылар жауабын тыңдау) -

- Иә, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала. Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар. Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

VI. Үйге тапсырма. Астана тақырыбына шағын әңгіме жазу

VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Сабақты аяқтау. - Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқталды!  - Сау болыңдар !

Просмотров: 875


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст