Біздің мектепте жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта мектеп ғимаратының қасбеті жөнделуде. Барлық құрылыс жұмыстары аудандық білім бөлімінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жөндеудің мақсаты-ғимараттың сыртқы түрін жақсарту, оның энергия тиімділігін арттыру, сонымен қатар оқушылар, мұғалімдер және барлық мектеп келушілері үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мектеп әкімшілігі аудандық білім бөліміне өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жағдайларына қолдау көрсеткені және көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреді.