Қауіпсіз жаз - білімнен басталады! 26 маусым күні Зерноград ауылындағы Талдық, езенінің жағажайында "Қауыпсіз жаз"атты алдын алу іс-шаралары өткізілді. Іс-шараға Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Нұрпейісова Г.К., Зерноград, Уәлихан және Тасты-Талды ауылдарының оқушылары мен педагогтері қатысты. Танымдық және тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық аурухана және полиция белімінің өкілдері шақырылды. Іс-шара барысында оқушылар суда, табиғатта, жолда және тұрмыста қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс арекет ету жолдарын үйренді, алғашқы көмек көрсету негіздерімен танысты және мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тәжірибелік көрсетілімдер тудырды. Барлық қатысушыларға және шақырылған қызмет өкілдеріне ынтымақтастықтары мен балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Жазы демалыс жарқын, қызықты әрі ең бастысы - қауіпсіз болсын!