Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ертегілер елінде» Викторинасы

26.01.2023

Қатысушылар:  3-сынып оқушылары

Уақыты: 45 минут

Мұғалім: Казакова Л.Ю

Мақсаты: Мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру тәжірибесін қалыптастыру.

Міндеттері:

1) Біліміділк-оқушыларды ертегі оқуға деген қызығушылығын арттыру.

2) Тәрбиелік– балалар ұжымын біріктіру, мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

3) Дамытушылық-балалардың танымдық белсенділігін, эмоционалдық саласын дамыту.

Көрнекіліктер: Тақтада тақырып және эпиграф жазылған

Құрал -жабдықтар: магнитофон, ертегілердің суреттері, тапсырмалары бар карталар.

Бұл сынып сағатына 3 сынып оқушылары қатысты.

 Тақтада"қазақ ертегілерінің сиқырлы сандығы"сынып сағатының тақырыбы жазылған.

Балалар сұрақтарға жеке және топтық түрде жауап берді. Сабақ түрлері әртүрлі болды, суреттердң құрастырды, жинады, бөліктер бойынша мақал-мәтелдер жинады, сұрақтарға жауап берді, ертегі кейіпкерлерін болжады, сонымен қатар балалар Сергіту сәтін жасады.

Сынып сағаты бойынша жұмыстың бұл түрі балаларды қызықтырды, әдеби ертегілер, ертегі кейіпкерлері мен мақал-мәтелдер арқылы сабақ бекітілді. Балалар сынып сағатына белсенді қатысты.

Викторина логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді жақсы дамытады. Оқуға деген қызығушылықты арттырады, кітапқа деген сүйіспеншілікті оятады.

Сынып сағатының қорытындысы шығарылды. Барлық балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст