Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниетану сабағы бойынша «Табиғатты қорғау -адамзаттың парызы» тақырыбында ашық сынып сағатының талдауы.

18.05.2023

Сынып сағатының мақсаты: табиғатқа эмоционалды-позитивті, ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.      Жалпы Жер планетасының тағдыры үшін білім алушылардың экологиялық сауаттылығы мен жауапкершілік сезімдерінің негіздерін қалыптастыру.

2.      Білім алушыларды экология ғылымымен, жаңа экологиялық ұғымдармен, біліммен таныстыру.

3.      Экология мәселелеріне қызығушылықты дамыту.

4.      Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту.

5.      Оқушылардың белсенділігін ояту, табиғаттағы ауыр жағдайға жауап беру.

6.      Балаларда табиғатқа оң көзқарас, табиғаттағы мінез-құлық нормаларын қалыптастыру.

Сабақ бірнеше бөлімдерден тұрды, атап өтсек:

«Ребус» шешу

«Кім қалай сөйлейді?»

«Ойланып шешейік»

«Тауып көр»

«Ең өжеттер»

Сабақ басталмас бұрын мұғалім, табиғат, экология туралы шағын видеороликпен таныстырып кейін ауызша көптеген мәліметтер берді.

Оқушылар сабақ барысында қызықты тапсырмалар орындай отырып көптеген жаңа мәліметтер алды, табиғатқа деген махаббаттары оянды, табиғаттың құдіреттілігін түсінді; топпен жұмыс кезінде шығармашыл, ұйымшыл бола білді;Сабақ соңында әділқазыла әр бөлім бойынша топтарға жинаған ұпайларын таныстырып, жеңімпазды анықтады;

Оқушыларға сабақ ұнады, сабақ мақсатқа жетті;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст