Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 сынып «Аспан денелері ғылымы» тақырыбы физика пәнінен ашық сабақтың өзіндік талдауы

25.05.2023

сабақтың тақырыбы: «Аспан денелері туралы ғылым». Бұл тақырып «Ғарыш және жер» бөлімінің тақырыпшасы. Бөлім бойынша бірінші тақырыпша.

Сабақтың оқу мақсаты:
7.7.1.1 – геоцентрлік   және    гелиоцентрлік   жүйелерді   салыстыру.

Сабақ күнтізбелік  жоспарға сәйкес өткізілді.

Сабақ мақсаттары.

Оқушылар   аспан   денелері   туралы   ғылым   ретінде  астрономия туралы жалпы  түсініктерді   қалыптастыра   алады; 

Ежелгі әлемнің халықтық астрономиясы;

 -Ғылымның дамуындағы ғалымдардың рөлін анықтау.- геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру; Сынып сабаққа дайындалған, тақырыпқа сай безендірілген. Сабақ  әдістемелік жағынан сауатты өтті, сабақ бойына барлық бөлімдер ретімен сақталған. Сабақтың басында оқушылар шаттық шеңберін жасап, бір-бірімен амандасты, суреттерді қолдана отырып сабақтың тақырыбын анықтап, сабақ мақсатын қойды. Сабақ барысында оқушылар жұппен тапсырма жасады және сан бойынша бөлінді, негізінен тапсырмалардың көбісі өзіндік жұмыстар болды. Сабақ барысында оқушылар тапсырманы  белсенді орындап, талқылады, қорытындылар жасады. Тапсырмалар  соңында   кесте толтырды, «ДЖИКСО» әдісімен тапсырма орындады, содан кейін «Ассоцоция» әдісімен  қорытындылады. Сабақ соңында үйренген ақпараттарын салыстырып Венн диаграммасын толтырды. Сабақ өте көңілді және жылдам өтті. Сабақта тек Ангелинада қиындықтар туындады, ол оқушының бағасы қанағаттанарлық. Сабақ мақсатына жетті, міндеттер орындалды.

 

мұғалім: Лузина В.В.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст