«Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді және үйден оқытуды ұйымдастыру»
Мақсаты-ерекше білім беру қабілеті бар балаларды оқыту жұмысының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін ашу.
Курстың міндеттері -
Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді және үйден оқытуды ұйымдастыру
І. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері
ІІ. Жеке оқытуды ұйымдастыру:
ІІІ. Инклюзивті білім беру жұмысын ашу
Бұл курс ерекше білім беру қабілеті бар балалармен жұмыс істеу кезінде, директорлардың оқу жөніндегі орынбасарларына және мұғалімдерге ұсынылады. Курс Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылған «ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» әдістемелік нұсқаулықтың авторы педагогика ғылымының кандитаты, доцент, арнайы білім беру лабораториясының меңгерушісі Елисеева И.Г ұсынған әдістемелік құралына және жеке тәжірибесіне негізделген.
Еліміздің президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деп атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.
Инклюзивті білім берудің басты аспектілері соңғы жылдары, елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқандығын байқауымызға болады. Бірқатар құжаттар ратификацияланды. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіле отырып, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен әртүрлі деңгейдегі талқылаулар іске асырылуда. Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге білім беру процесінің қолжетімділігі мен инклюзивтігі туралы қағидаттарын іске асыру үшін, нормативтік құқықтық құжаттарға шолуды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасындағы
инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері:
Үйден оқыту және инклюзивті оқыту деген не?
Үйден оқыту- бұл жалпы білім беретін мектептерде денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту.
Ал инклюзивті білім беру-ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің әр түрлілігін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.