Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл

08.02.2024

Әбілхан Қастеевтің туғанына  120 жыл

         Кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылында туған. Еңбек жолын Топырақ теміржол құрылысында жұмысшы болып бастаған.1929-1931 жылдары Қастеев Николай Хлудовтың көркемсурет студиясында оқыды. 1934-1937 жылдары білімін Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркемсурет студиясында жалғастырды.1942 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі болды. Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

 

Просмотров: 717


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст