Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зерноград ауылының орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары 2023-2024 оқу жылына арналған

28.03.2024

«Зерноград ауылының орта мектебі» КММ                                             Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары

2023-2024 оқу жылына арналған

 

       Мақсаты: білім беру мекемесіне мақсаттарды, міндеттерді, жарғылық функцияларды жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді дамуға көмектесу;
        Жан-жақты, соның ішінде қаржылық және материалдық көмек көрсету, құқықтық қамтамасыз ету, мектептің, оның оқушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолдау.

 
Тапсырмалар:

 
1. Білім беру мекемесінің қаржылық және материалдық базасын нығайтуға және жақсартуға үлес қосу.
2. Мектептің, оның оқушылары мен қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға, ақпараттандыруға және насихаттауға үлес қосу.
3. Дарынды және жоғары ынталы оқушыларды қолдау және олардың әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға қатысуына ықпал ету.
4. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге, оқу-тәрбие үрдісін дамытуға үлес қосу.
5. Мектептің қызметін және дамуын қолдау үшін қосымша ресурстарды тарту.
6. Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушылардың оқу жағдайын жақсарту.

 

№ п/п

Жұмыстың мазмұны
Мерзімдері

1.

No1 Қамқоршылық кеңестің жалпы отырысы:
 1. 2023/2024 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
 2. 2023/2024 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы
 3. Білім беру мекемесін жаңа оқу жылына дайындау бойынша жазғы уақытта жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы (есеп).
қыркүйек

2.

No2 Қамқоршылық кеңестің жалпы отырысы:
 1. Білім беру мекемесінде балалардың жаңа жылдық кештерін өткізу туралы.
2. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы.
желтоқсан

3.

No3 Қамқоршылық кеңестің жалпы отырысы:
1. 2023-2024 жылдары аумақты абаттандыру шараларын жүргізу туралы
2. Жаңа оқу жылына дайындық туралы. Жөндеуді жоспарлау
3. Қамқоршылық кеңестің 2023/2024 оқу жылындағы жұмысы туралы. Кеңес қаражатын есепке алу және жұмсау.
мамыр

4.

2023/2024 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы жалпы мектептік ата-аналар жиналысында есеп
тамыз

 

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст