Текст
Сізді және балаңызды мектеп өмірінің басталуымен құттықтаймыз! Мектеп уақыты ең жарқын әрі қызықты уақыттардың бірі. Ол сіздің балаңыз үшін жеңіл әрі жемісті болсын! Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі.