Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі»

25.09.2020

Мақала

«Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі»

Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі
Ана тілі - бәріміздің анамыз,
Өйткені ол - ұлтымыздың анасы. (Н. Ә. Назарбаев)

Әкемнің құтымен, Анамның ақ сүтімен бойыма сіңірген ана тілім, туған тілім, қазақ тілім.  Сол үшін де болар  мен өз ана тілімді жақсы көремін,оны құрметтеймін  және сонымен мақтанамын. Тілімнің мәртебесін биік те заңғар шыңға көтеру мақсатында арманыма қанат бітіртіп - тіл маманы болдым. Мамандығым - мақтанышым. Әр шәкірт жүрегіне, рухани жан дүниесіне - қазақ тілімнің тереңдігін, байлығын ұғындыру тікелей міндетім. Әр халықтың мәңгі жасауы - оның тілінде. Тіл - әр халықтың өмірі, тарихы, болашағы. Ана тілін ардақтай білейік,қазақ тілі ананың әлдиінен, отбасындағы тәлім - тәрбиеден бастау алады.Туған тілмен терең сусындау балабақшадағы тәрбиемен астарласады. Ұлттық рухтың әліпбиі баланың санасына осы жерде сіңеді. Мағжан Жұмабаев атамыз айтпақшы, «.Жас  бала-жас бір шыбық,жас күнде қай түрде иіп тастасаң , есейгенде сол иілген түрінде қатып қалмақ ».

Сөздік қорға бай тілім,

Қошеметке сай тілім,

Қазақ бабам ұстанған,

Қазақ тілім-өз тілім.

Мен сияқты әр тіл маманын - ұлтымыздың болашағы үшін қажымай еңбек жасап  жүрген, қазақ тілін өзге ұлт балаларының бойына сіңіремін  деп түн ұйқысын төрт бөліп жүрген ізгі жандар деп санаймын. Кешегі өткен ұлы даналарымыз Абай, Ахмет, Мұхтар  аталарымыз өз заманында қазақ тілі үшін күрескені белгілі. Тіл –адамдарды өзара бір-бірімен түсіндіретін құрал деп санаймын.Тіл –ең алдымен адамның бойындағы қасиетін тәрбиелейді. Адамның тәніне қуат берер асыл нәр-ананың тілінде. Иә, тіл қай ұлтта болса да,қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра, дүние таным құралы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Тіл байлығы -әр елдің мақтанышы. Ана тіліміз халқымыздың жаны, сәні, тұтастай  атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Қазақ тілі-ұлтымыздың аса ұлы игілігі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде  ұлтымыздың болашағы- тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да әр адам ана тілін құрметтеуге тиіс.

  Менің ойымша бүкіл қазақ халқының Қазақстанда тұратын әр адамның ана тілі-қазақ тілі.қазақ тілі халқымыздың тарихымен жасап, ұрпақтан-ұрпаққа дамып, қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

Мемлекеттік тілімізді білу,өзге ұлт балаларына үйрету менің азаматтық парызым.

Зерноград негізгі мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ибраева Гулаим Булебаевна

 

 

 

 

 
 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст