Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Роботтехнология қалай пайда болды?" қазақ тілінен сабақ жоспары

02.10.2020

Сабақтың тақырыбы

Роботтехнология қалай пайда болды?     9 -сынып     

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;

 

Бағалау критерийлері:

1. тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды

 

Сабақ барысы

Бағалау критерийі

Жоспарланған іс-әрекет

Тапсырмалар

(дәптерге жазу)

1. тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды

.

 

 Суреттерге қарап, сұраққа жауап беріңдер  Слайд 3.

 

Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер
109 бет 3- тапсырма
Слайд4

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)«Ақылды мәшинелер» жайында не білесің?

2)Роботтар ғылымның қай саласында қолданылады?

3)Роботтың қандай түрлерін білесің?

4)Алам жасайтын қызметті роботтардың жасауы болашақта неге әкелуі мүмкін?

 

Мәтінді оқып, берілген сөздерге мәндес сөздерді табыңдар.

 

Робот, андроид, робот техника дегенін бәрі күні кеше фантастика болатын . Бүгінде көптеген ақылды мәшинелер пайдаланып келеді. Медицинадан бастап космонавтикаға  дейінгі түрлі  салаларда  адамдар роботтардың көмегіне жүгінуде.  Төбеде қалықтап жүріп, әрлі-берлі еркін  бұрылатын , мерекелік шараларды түрлі қырынан бейнеге түсіретін робот-дрондар күрделі механизмдерді  көз іліспес шапшаңдықпен, асқан дәлдікпен мінсіз құрастыратын робот қолдар жылжымалы роботтар, ұшқыш роботтар жиі қолданылады.  Робот құрастырушылар алдағы жиырма жылда адам істейтін жұмыстың тең  жарымын роботтар атқаруы мүмкін дейді. Түрлі дыбыстарды ажырата алатын роботтар да бар. Сарапшылар  болашақта роботтар қазіргі адамдардың  жұмыстарын атқаратынын  айтады. Алайда  адамдар жұмыссыз қалмайды. Сұраныс көбейіп, жаңа мамандықтар пайда болады.

Берілген сөздерді мәндес сөздермен бірге дәптерге жаз.     Слайд 5.

 

Қазір-                           Кісі-               Қызмет-                      Істейді-        Келешек-                   Жартысы-

 

Төменде берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. (Перефраз).

 

1)Бүгінде көптеген ақылды мәшинелер пайдаланып келеді.

Ақылды мәшинелер_____________

2) Робот құрастырушылар алдағы жиырма жылда адам істейтін жұмыстың тең  жарымын роботтар атқаруы мүмкін дейді.

Алдағы жиырма жылда____________

 

 

 

Рефлексия:

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерде орындаған тапсырмаларды фотоға түсіріп,  күнделікке  жібер.
 

Берілген сұрақтарға дәптерге жауап жаз.

  • Сабақта не туралы білдің?
  • Қандай тапсырманы жеңіл орындадың?
  • Қандай сұрақтарың бар?

 

 

Просмотров: 1103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст