• Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды 2024 жылғы 2-қыркүйек алғашқы оқу күні, оқудың аяқталуы - 2025 жылғы 23 мамыр. • Тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3- сыныпта «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізіледі • «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңмен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасады, 4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні оқытылады • «ДосболLIKE» бағдарламасын және «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру шеңберінде мектепте салауатты және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады • Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі • 2024 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру шеңберінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс белсендіріледі • 2024 жылдан бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы енгізілді • «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадр резервінің республикалық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады • Цифрлы технологияларды пайдаланып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған пилоттық жобалар масштабталады. • Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы бойынша жұмыстар күшейтіледі • Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі. • «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады