Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысының білім басқармасы
ММ «Зерноград негізгі мектебі»
БАЯНДАМА
Оқушыны ынталандыратын бағалаудың түрлері
(Қоғамдық гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігінде оқылды)
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ибраева Г.Б.
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»
Ж.Аймауытов
Оқушы жетістігін нақты бағалау - білім берудегі нақты мәселелердің бірі. Жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылады. Бағалау дегеніміз не?
Бағалау деп – өздік жөмысты, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар тиянақты білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, іс тәжірибелік жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын қарастырады.
Әр сабақта бағалауды жүргізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет.
Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау).
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау.
Сонымен қатар қажетті жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.
Суммативті оқыту, керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау болып табылады.
Сабақтарымда формативті бағалаудың келесі түрін
- Өзін –өзі бағалау;
- Жұпта бір-бірін бағалау
- Топта бір-бірін бағалауды қолданамын.
Әрбір оқушы өзінің дамуы жолындағы қажеттілікті түсініп, мұғаліммен бірлесе отырып алдағы жұмысын талқылап, түзетеді.
Қазіргі заманда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері пайда болуымен қатар бағалау дың да үлкен маңызы бар. Бүгінде көбіне сабақтарда топтық жұмыс жасау әдісі кеңінен таралған.
Біресіп жасаған жұмыстың арқасында аз уақытта бірталай жетістікке жеттік. Оқушылар дайын білімді алушы оқушыдан дербес, сыни ойлайтын оқушыға айнала бастады. Оқушылардың нені білетіндігін анықтап, одан әрі жаңа сабақпен байланыстырып, үздіксіз білімге қол жеткізу үшін сұрақтар дайындап, өткен сабақпен байланыстырып отырдым. Дербес оқудың нәтижесі, оқығанын немесе алған білімін кез келген уақытта пайдалана алу дағдысы әр сабақта көрініс таба бастады. Оқушылар топта жұмыс істей отырып,дұрыс жауап беруге ынталанады өйткені, жауаптарына қарай бір топ екінші топқа баға беріп отырады. Топтағы оқушының жауабын бағалау әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асады стикерлер арқылы, смайликтер арқылы, жұдырықтан бес саусаққа дейін сияқты бағалаулар оқушының қызығушылығын арттырады.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі-ынталандыру,өз-өзіне сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізедідеп ойлаймын.
Басқа балалардың назарын аудару үшін әр сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты игеруде жасаған жұмыстарын, жаңа білімді алудағы әрекеттерін бір жүйеге келтіру үшін топтарда талқылау кезінде не үйренгенін сұрап, олар талқылаған сұрақтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіруге тырыстым. Сол арқылы оқушыларды оқудың басқы нүктесіне, оның алдында білгендеріне кері жетелеп отырдым.
БҮҮ кестесі арқылы .Бұл не үшін қажет? Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімнің арасын байланыстыру үшін керек. Тарау бойынша білімдерін ой сүзгілерінен өткізу және құрастырылған әр деңгейлі тапсырмалар тобын орындауда оқушыларым ойларын жинақтап, әр топ басқа екі топтың жауаптарын мұқият тыңдап, түзетулер енгізді.
Топта жұмыс істеу ережесін сақтау арқылы бірін-бірі сыйлау, тыңдау, бөлмеу деген қасиеттері де дами бастады. Оқушылардың бойында өзінің жұмысына баға беру, басқа құрбысын әділ бағалау қасиеттерін әрі қарай дамыту үшін мен келесі қадамдарды белгіледім:
• олардың жетістіктерін атау;
• Нұсқауды мәлімдеу — балаға нені оқыту керектігі мен қалай оқыту керектігін анықтау;
• Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне ықпал етуі керек.
Мен оқушыларды бағалау жұмысы үш түрлі жолмен іске асатынына көзім жетті, яғни бақылау кезінде, оқушылармен қарым-қатынас жасағанда және оқушылардың әрекеттеріне талдау жасаған кезде бағалай алатынымды түсіндім.
Топта қарым — қатынасқа тез түседі, жауапкершілікті жылдам сезінеді, көшбасшылық қасиетке ие, өз ойын тез жинақтайды.
Оқушылардың ойлануына, ойларына түрткі болатындай әр түрлі тапсырма, жаттығулар оқушыны сыни ойлауға, ойлануға жетелейтінінің дәлелі.. Сонда мұғалім оқушылардың білім дәрежесін, сыни ойын жарыққа шығарады.
Бұл оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Дәлме-дәл бағалаудың өте маңызды бөлшегінің бірі — ол оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл процесс оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларды мақсат қоюға, өздерінің жетістіктерін бағалауға араластырса, олардың білім алуға қосатын үлестері артып, жасаған жұмыстарының сапасы өседі. Оқушылар көбінесе, мұғалімдер мен ата-аналарының олардан не күтетіндігін, қалай бағалайтындығын және қандай жетістіктерге жетіп жатқандығын білгенді қалайды.
Балаларды алдарына мақсаттар қоя білуге баулу, олардың өзіндік бағыты бар оқушы болуына себін тигізеді. Осы уақыт аралығында жасаған жұмыстарының үлгілерін көргенде, әжептәуір жетістікке жеткендеріне көздері жеткенде, олар өздерінің өсіп-жетіліп жатқандығына нақты дәлел алатын болады.
Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, пәнге деген қызығушылығы артады ,осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек.