Сабақтың тақырыбы: Кішіге қамқор болу
Мақсаты: Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
2. Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Отбасылық суреттер, мақал-мәтелдер, қосымша қағаздар,
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»
-Оқушылармен сұхбат
Сабақтың ұраны:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құретпен,
Бас иеміз біз.
(қимылмен орындау)
Мұғалім: Бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтып, сол тілектерден өлең жолдары арқылы
жақсылықтан үйреніп, жамандақтан жиренуді ұғыну.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Сабақ ережесімен таныстыру.
1. Бір-бірін сыйлау
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу
3. Көңілді болу
4. Бірін-бірі тыңдай білу
5. Өз ойын нақты жеткізе білу.
ІІІ.Әңгімелесу (Көрнекілік арқылы ой тастау)
1. Мұғалім: Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдар
Қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?
Қоғамда, отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым-қатынастарын қалыптастыруға,
адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелеу.
2. Пікір-талас· Өзінді, өзгені құрметтей білесің бе?
·Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
·Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
3. Түйіндеу. Өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-
қатынас жасау адамның өзіне байланысты.
Ү. Дәйексөз
1. Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің. (Халық даналығы)
2. Мақалдар
·Бірлік бар жерде – тірлік бар.
·Көпті сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.
·Сыйласу екі кісіге бердей
Мақсат: Үлкен мен кіші арасындағы құрмет пен ізет сөздерді айту, есте сақтау
Үлкен ағашты «Құрмет», кіші ағашты «Ізет» деп атап, ойынды қорытындылау.
ҮІІ. Жаңа ақпарат
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық
достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бірін бірі кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана
достыққа әкелетініне назар аударту.
ҮІІІ.
1 тапсырма. «Менің айтар ақылым»
(Кішілерге арнап алғыс хат жазу)
2 тапсырма: «Менің тыңдар ақылым»
(Үлкендердің өзіне айтатын ақылдарын жазу)
3 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу
(Үлкенге орын беру, үлкенді сыйлау, отбасындағы сыйластық туралы)
ІХ. Жүректен жүрекке
Сабақтан алған әсерлерін мына өлең жолдарын бірге айтып, сабақты аяқтау.
Құрметпен ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағмды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді Сыйлау-кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.
Қорытынды: сұрақ-жауап
Үйге тапсырама: Мәтінмен жұмыс сөздерді жаттау
Бағалау