Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шешендік өнер» авторлық бағдарламасы ( Әдістемелік жинақ ) .Асылбекова Лазат Жанбыршиновна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

08.11.2023

Түсініктеме хат

 

                                             Ауыз әдебиеті- жазба әдебиетінің  анасы.  

                                          Шешендік сөз – халық даналығы,

                                    ақыл – ойдың құймасы, әдеби

             тілдің бастауы...

                                                                                                Б.Адамбаев.

 Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы – бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар (айталық атақты би,ақын,шешен.ел бастаған батыр мен басшыт.б.) есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына – мазмұны терең сөздерді айтады.Мұндай сөздер елді,туған жерді сүюге, батырлық пен елдікті,ізгілік  жақсылықты дәріптеп,әділдік үшін күресуге,ел қамын ойлайтын қамқор азамат болып өсуге тәрбиелейді.

  Қазақ қашанда сөз қадірін жоғары бағалап,қандай да «Аталы сөзге арызға ғана бас имейді» деп уәжге тоқтаған, өзі де пікірін шебер де, оралымды өрнектеп айта білген ділмәр халық қой.

 Өз тәжірибемді оқыту барысында алдымен мақсатым  – баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.

Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог,іздену дайындалу, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.  7-9 сыныптарда «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты факультатив сабағы жыл бойына 34 сағат жоспарланып  жүргізілді. Мына сияқты сабақтар: «Шешендік сөз туралы ұғым»,  «Үш бидің тағылымы», «Шешендік өнер және сөз мәдениеті», «Сөз асылы шешендік» т.б. өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар шешендік – шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туатын  өнер екендігін білді.Сонымен қатар шешен сөйлеудің ең негізгі сыры – баланың жастайынан – ақ  ән,күй,жыр,  ертегі,аңыз естіп өсуінде екенін білді. Оқушылар шешендік мәдениеттің басты талабы сөздерді орынды жұмсай білумен байланысты екендігін сабақ барысында үйренді. Шешен тілін нақ мынандай түрде болуы керек дегенді ешкім де нақты түрде айта алмас еді. Өйткені сөйлеу,ойлау әркімнің табиғи болымысына қарай сан алуан.

  Оқушылар өздерінің ой – көзқарасын жеткізу,пікірін қорғай білу және шешен адамдар ел ішінде дау – шараға араласып,ел ішінде шешімін таппай жатқан әртүрлі жанжалдарды, ру,жүз арасындағы жайлы мағұлматтар алды. Сонымен қатар шешендер билік айтқан кезде қарасөзбен емес, тақпақтап, мақалдап сөйлейтіндігі жайлыда сабақ барысында да айтылды.

Бүгінгі сабақ – заман талабына сай құрастырылуы керек. Мен сабақ барысында электрондық оқулықпен және топтастыру, Венн диаграммасы, ой – толғаныс сияқты жаңа технология элементтерімен жұмыс жасадым.

 Шығармашылық ойларың дами берсін, мерейлі еңбек иелері демекпін.

 

Мақсаттары мен міндеттері:

  1. Қазақ халқының  даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл  қазынасын оқыту; мән – мағынасын ашу.
  2. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер беру.
  3. Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту, тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би – шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой – толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.
  4. Қазақ халқының шешендігі жайында айтылған пікірлермен таныстыру.
  5. Ата – баба салт – дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыларға халықтың негізгі қызметтері мен шаруашылықтарымен таныстыру. Халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу.

 

Оқу материалының меңгеру деңгейінің талабы:

Оқушылар шешендік өнердің шығу тарихымен танысу.

-     көркем шығарма арқылы оқушылар   көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;

-     оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылығын таныуын талап етіледі.-     ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру .

 

Білу керек:

1.Оқушы шешендік өнерде сөйлеу мақамын білу керек.

2.Сөз тереңдігін, бағалай біліп, сұлулық сезімін сезіне білуі керек.

3.Ұлттық сөз өнері тарихындағы би – шешендердің өмірі мен   шығармашылығын білуі керек.

4.Шығыс еліндегі шешендік өнер мен сөз өнерінің өркендеуімен танысып  және білу

 

Жасай білу:

1.Нақты тақырып бойынша мәтін құрап жазу.

2.Шешендердің сөздерін мәтін ретінде алып грамматиқалық жағынан ауызша және жазбаша талдау жасауды жасай  білу керек.

3.Сөз өзегінің дәлелі болуы керектігін біліуі қажет.

4.Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау,    үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал – тәсілдерді қарым – қатынас     мақсатына қолдана білуі тиіс.

 

 

 

 

Сабақтың негізгі жұмыс түрін қолдану:

Әңгіме-дәріс, пікір-талас, талдау, баяндамамен сөз сөйлеу, топпен жұмыс, эссе, өзара тәжірбие алмасу сабағы.

Қолданатын әдістер:

Зерттеу әдісі, сұрақ- жауап, конференция,баянау, түсіндіру,

топтастыру, әңгімелеу, АКТ, т.б.

Жұмыс түрлері:

Эссе жазу, тест, бес жолды өлең шығару, сырттай саяхат жасау, сөзжұмбақ, ребус  құрастыру, пікір-сайыс немесе пікіралысу .

Күтілетін нәтиже:

Шешендік өнерді оқыту арқылы сөйлеу мәдениеті мен ой – өрісін, дүниетанымын қалыптастыра отырып дарынды оқушыларды олимпиадалар мен байқауларға және ғылыми жұмыстарға қатыстыруға төселдіру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алмат

2.Ф.Оңғарсынова «Сөз сыры». Алматы -2005

3.Қазақ дәстүр энциклопедиялық сөздігі. Алматы.

4.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет хрестоматиясы. Алматы

5.Ана тілі газеті барлық номерлері.

6.Арқа ажары.

7.Ақиқат журналы.

8.Қазақ әдебиет әдістеме нұсқауы.11 сынып. Алматы

9.Қазақ тілі мен әдебиет журналы. Барлық номері

10.Электрондық оқулық. «Қазақ тілі» пәні бойынша

 

     2016 жылдың 28 тамызында №1 хаттама бойынша әдістемелік кеңестің отырысында қаралды.

Кітапша жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері және 7-9-сыныптардың оқушылары үшін ұсынылады.

Рассмотрено на заседании методического совета протокол №1                        от 28.08.2016 года. Рекомендовано для учителей казахского языка и литературы общеобразовательных школ и учащихся 7-9 классов.

 

      Бұл бағдарламада шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер берілген және ұлттық сөз өнері тарихындағы би-шешендердің өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған.

Данная программа раскрывает понятия о содержании и структуре крылатых слов, о жизни и творчестве биев и сказителей.

 

 

Құрастырушы: Асылбекова Л. Ж. Нахимов негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Составитель: Асылбекова Л.Ж. учитель казахского языка и литературы Нахимовской основной школы

 Жұмыс жоспары

Реттік №

Сабақ №

Сабақ тақырыбы

Сағат

Мерзімі

Негізгі материал

Міндетті материал

Сабақтың түрі

Сабақтың әдісі

1.

1.

Кіріспе. Шешендік өнер туралы түсінік

1

 

Шешендік өнер курсы бойынша түсінік.

Аралас сабақ.

Сұрақ-жауап, іздендіру, талдау

2-3

2-3

Шешендік өнер – сөз мәйегінің қайнар көзі

2

 

Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік

Жаңа сабақты игеру

Лекция түрінде, сұрақ-жауап

4-5

4-5

Шешендік өнердің  тарихы мен талаптары

2

 

Қазақ шешендігінің

  кезеңдері

Жаңа сабақты игеру

Эссе жазу

Мақал-мәтелдер жаттау

6

6

Дебат өткізуге дайындық

1

 

Қазақ шешендік өнерінің  кезеңдері.

Аралас

сабақ

Сұрақ-

жауап,

тілдамыту,

іздендіру

7

7

Пікір алмасу және ерекшеліктері

1

 

Ойбөліс пен пікірталас

Аралас сабақ

Сұрақ-

жауап,

түсіндіру,

пікірталас, дебат

8-9

8-9

Ұлттық шешендік өнердің зерттелуі

2

 

Ұлттық шешендік сөздерді зерттеген ғалымдар

Дәстүрлі сабақ

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

10

10

Шешендік  өнер – өмір өрнегікі

1

 

Өмірдегі сөз мәдениетінің қолдану аясы

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

11

11

Сөйлеу мәдениетінің әдеби – эстетикалық ғибрат

1

 

Сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік беру

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

12

12

Сөз асылы шешендік.

1

 

Шешендік өнерінің дамуына қажетті алғы шарттар

Қалыптан тыс-саяхат сабақ

Сұрақ-

жауап,

пікірталас

 

13 -14

13

-14

Бата – тілектердің тәрбиелік маңызы

2

 

Бата – тілектерді жаттату

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

15-16

15-16

Мақал – мәтелдер

2

 

Мақал – мәтелдердің қолданылуы

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

17

17

Жаңылпаштар мен жұмбақтар

1

 

Ой ұшқырлығын,есте сақту қабілетін қалыптастыру

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

1819

18-19

Термелер және шешендік толғаулар

  1

 

Жаттауға беру

Жаңа сабақты игеру

Сұрақ-

жауап,

Түсіндіру

20

20

Шығармашылық жұмыс

1

 

Тапсырмалар беріледі.

Қорытынды сабақ

Ребус, тест

құрастыру

2122

21-22

Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер соты

2

 

«Жеті жарғы» Сотта қолданылатын шешендік сөз

Аралас сабақ

Сұрақ-

жауап,

түсіндіру, эссе жазу

 

23-24

23-24

Төле бидің тағылымы

2

 

Төле бидің нақылдары. «Қарлығаш би» жыры

Аралас сабақ

Ребус, тест құрастыру

25-26

25-26

 Қазыбек би және Әйтеке би

2

 

Билер сөзі, мазмұны, көркемдігі

Аралас сабақ

Шығармашылық жұмыс,

слайдтар жасау

27-28

27-28

Жиренше шешеннің нақыл сөздері. «Жиренше мен хан» аңыз әңгімесі

2

 

«Жиренше мен хан» аңыз әңгіме

Жаңа білім беру сабағы

Баяндау, түсіндіру, әңгімелей білу

 

 

29

29

Нәтиже сабақ.Тест тапсырмалары

1

 

 Шешендік сөз өнерінен және шешендер өмірінен алған білімдерін тиянақтау

Қорытынды сабақ

Тест, деңгейлік тапсырма

30-31

30-31

Шешендік сөз өнерінің айтыс жырындағы көрінісі

2

 

Шешендік сөздің сапасы. Сөз дәлдігі

Жаңа білім беру сабағы

Баяндау, сұрақ-жауап, мәселе қоя іздендіру

 

32-33

32-33

Айтыс. Біржан мен Сара айтысы

2

 

Айтыстың түрлері мен ерекшеліктерін және осы күнгі айтыс өнері

Дәстүлі сабақ

Сұрақ-жауап, түсіндіру,кестемен жұмыс, шығармашылық жұмыс

34

34

Қорытынды.

1

 

Тест тапсырмасымен жұмыс

Қорытынды сабақ

Тест және деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст