Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі " Зерноград ауылының негізгі орта мектебі! коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Зерноград" отдела образования по Жаркаинскому району

СоцСети

Қамқоршылық кеңесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ – ТАРИХИ ТҰЛҒА

06.09.2024

        Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 130 жыл толады. Ол 1894 жылғы 26 желтоқсанда Верный уезінің Шығыс-Талғар болысында дүниеге келген.

        Жас Тұрар Меркідегі орыс-қазақ мектеп-интернатын, Пішпек ауылшаруашылық мектебін бітіргеннен кейін Ташкент педагогикалық институтында оқыған.

        Қазақ халқының біртуар перзенті Тұрар Рысқұлов елдік мүддені ұлықтап, ұлт пен ұрпақ қамы, тәуелсіздік мұраттары жолында аянбай еңбек етті.

       Тұрар Рысқұлов жастарға білім беруге, маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресейдің және шетелдік оқу орындарында оқытуға баса назар аударды.

      Тұрар Рысқұловтың бастамасы бойынша Қазақстанда Түркістан-Сібір темір жолы салынды, Қарағанды, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның металлургия кешендері, Батыс Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі пайда болды.

      Қарымды қайраткер халықты алапат аштықтан арашалауға, ел экономикасын көтеруге арналған мәселелерді қозғап, нақты көмек көрсету ісін жалпымемлекеттік мәселе ретінде алға тартады.

      Тұрар Рысқұлов Коминтерн өкілі ретінде Моңғолияда қызметте болған кезінде Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласының атауын да ұсынғаны туралы көпшілік біле бермейді. Бұл туралы америкалық тарихшы Майкл Диллонның «Столица Монголии» атты жинағында, И.Ломакиннің «Монгольская столица, старая и новая» кітабында баяндалады.

ТұрарРысқұловтың тарихи бейнесі заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы», Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» атты романдар сериясында сомдалды.

Тәуелсіздік жылдары Тұрар Рысқұлов еңбектерінің 5 томдық толық жинағы жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзентінің есімі ел есінде мәңгі сақталады.

 

Просмотров: 1852


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст