Кибербуллингтің алдын алу бойынша тренинг элементтері бар профилактикалық сабақ
Тақырып: «Жасөспірімдер арасында кибербуллингтің алдын алу»
Мақсаты:
Жасөспірімдердің Интернет және басқа да АКТ-ны пайдалану кезіндегі қауіптер туралы түсінігін қалыптастыру, Интернет желісін пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік туралы білімдерін бекіту, өзара көмек сезімін, топпен жұмыс істеу дағдыларын, мақсатқа жетудегі жауапкершілікті, өз құндылығы мен даралығын сезінуді тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушыларды кибербуллинг ұғымымен таныстыру;
Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін еске түсіру;
Ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыру.
Іс-әрекет түрлері:
Ой қозғау әдісі, топпен жұмыс, жаттығулар.
Топ саны:
4-5 адамнан.
Құрал-жабдықтар:
проекторға арналған презентация, терминдері бар карточкалар, кездейсоқ жағдайлар салынған дорба/қорапша, жадынамалар, пинг-понг добы, 2 стақан су.
Ұйымдастыру кезеңі
Психолог: «Құрметті әріптестер, қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесуіміз жайлы және жағымды атмосферада өтеді.
Келіңіздер, бір-бірімізбен амандасайық, көршіңізге бұрылып, көзіне қарап жымиыңыз».
Психолог: «Сіздерге бірнеше сұрағым бар, иә немесе жоқ деп жауап беріңіздер».
Тест. «Интернет – тұңғиық»
1. Әлеуметтік желілерді, форумдарды, чаттарды қолданатындар шапалақтасын.
2. Күн сайын қолданатындар көршісінің қолынан ұстасын.
3. Интернетте 40-тан көп досы барлар көршісіне жымиып қойсын.
4. Бейтаныс адамдарға пікір жазғандар аяғын тарсылдатсын.
5. Бейтаныс адамдармен онлайн ойын ойнайтындар қол көтерсін.
Қорытынды: Егер 3 және одан көп жағымды жауап берсең – сен Интернеттегі достықтың тұзағына түсуің мүмкін.
Психолог: «Сіздер интернеттегі тіл тигізу жағдайларымен кездестіңіздер ме?
Бұл мәселені талқылау қажет пе? Не үшін?
Сіздіңше, өзіңізді және жақындарыңызды бұл жағдайдан қалай қорғай аласыз?»
(ЖАУАПТАР)
Психолог: «Әлеуметтік желілерде, жеке хаттарда, пікірлерде, мессенджерлерде шабуыл жасау кибербуллинг деп аталады.
Cyber – интернетпен байланысты, ал bullying (Bull – бұқа) – қудалау, тиісу дегенді білдіреді.
Кибербуллингтің 90% жағдайы шынайы өмірге өтеді. Блогерлер мен басқалар да осындай қысымға тап болады».
Құрбандар кімдер болады?
Әдетте бұл адамдар:
- қорқақ, сезімтал, тұйық, ұялшақ;
- мазасыз, өзіне сенімсіз, бақытсыз;
- депрессияға бейім, жиі өз-өзіне қол жұмсауды ойлайды;
- жақын досы жоқ.
Психолог: «Кибербуллингтің түрлерімен таныстық, енді өзімізді қалай қорғаймыз?
Агрессияға жауап беру керек пе?»
ЖАУАП БЕРМЕҢІЗ
Психолог түсіндірмесі: «Агрессормен жазысу жағдайды нашарлатады. Қарсы жауап бергің келеді, бірақ олар соны қалайды. Ең жақсы қорғаныс – жауап бермеу. Мен күшті адаммын, сондықтан жауап бермеймін».
ТӘЖІРИБЕ – ДОППЕН
2 графин қажет: біреуінде таза су, екіншісінде қара гуашьпен боялған су. Пинг-понг добы алдын ала шаммен сүртіледі.
Таза су – әлеуметтік желі, доп – бала. Доп суға салғанда таза, батпайды.
Қара су құйғанда доп бетіне шығып, су тимейді.
Метафора: біз – сол доппыз. Негативке жауап бермей, жоғары тұру керек.
Психолог: «Бірақ кейде агрессорлар:
1) Қорқытады;
2) Жеке деректерді жариялайды (мекенжай, телефон);
3) Жаңа аккаунттар ашады.
Ондайда ересектерден көмек сұраудан қорықпаңыз. Ата-аналарға, мамандарға, сенетін адамдарға жүгініңіз.
Көмек сұрау – жағдайды түсінетін адамның әрекеті».
КӨМЕК СҰРАҢЫЗ
Психолог: «Тағы не істей аламыз? Осындай хабарламалар келмесін десек?»
(ЖАУАПТАР)
ТІРКЕП, БҰҒАТТАУ
Жазысуды немесе пікірлерді скрин жасап сақтаңыз – бұл дәлел. Содан кейін аккаунтты бұғаттаңыз.
Бұл функциямен таныссыз ба? Қолдандыңыз ба?
Тағы бір маңызды нәрсе – агрессорлардың жазғаны сіз туралы емес. Бұл олардың мінез-құлқы.
Өзіңізді кінәламаңыз.
Есіңізде болсын: доп негативтің арасында болды, бірақ өзгермеді – сол күйі таза қалды.
Психолог: «Келіңіздер, бір-бірімізді мазақтамайық, керісінше, жылы сөздермен, сезімдерімізбен бөлісейік. Мен бастаймын...»
Рефлексия:
Қазір бір-біріңіздің көзіне қараңыз. Әрқайсымыз бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйладық.
Осы жылылықты сақтап, есімізде ұстайық: әрқайсымыз – бірегейбіз. Бұл бізді тек шынайы өмірде емес, желіде де негативтен қорғайды.
Жадынамаларды тарату.